Құттықтау жеделхатынгда Қазақстан Президенті бүгінде Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағытта орасан табыстарға қол жеткізгенін, өңірлік және жаһандық маңызы зор мәселелерді шешудегі белсенділігі мен табандылығы арқылы әлемдік сахнада лайықты орынға ие болғанын атап өткен.
"Қазақстан мен Түркия арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы салалардағы стратегиялық әріптестігіміз болашақта өзінің жалғасын тауып, бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне кәміл сенемін", деп жазылған Президент жолдаған жеделхатта.
"Сындарлы да мазмұнды екіжақты диалогымызды жалғастыру және серіктeстігімізге тың серпін беру жолдарын талқылау үшін жуық арада Өзіңізбен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің 8-ші саммитінде жүздесуді асыға күтемін", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
2021 жылдың 12 қарашасында Ыстамбұлда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) 8-ші саммиті өтеді.