Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жібермек

1026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтардың таңында Үкіметтің отставкаға кететінін жариялайды.

Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жібермек

Айта кетейік, наразылық акциясы 2 желтоқсан күні Жаңаөзеннен басталған еді. Жаңаөзен тұрғындары газ бағасының қымбаттауына қарсы наразылыққа шықты. Олар бағаны 110 теңгеден "50 теңгеге дейін түсіруді" талап етіп, орталық алаңдағы акциясы үшінші тәулікке ұласты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол күні түн ауғанда твиттер желісінде "Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырғанын" мәлімдеді. 

Үкімет ертеңінде баға 85-90 теңгеге түсетінін хабарлады. Бағаны бизнес өкілдері "әлеуметтік жауапкершілік" ретінде төмендеткенін түсіндірді. 

3 желтоқсан сағат 17:30-да Энергетика министрі журналистерге брифинг беріп, бағаны одан төмен түсіру мүмкін емес екенін айтты. 

4 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін" твиттер желісінде жазды.

"Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді", – деген Президент "Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс" екенін айтады.

Маңғыстау облысына Үкімет басшысының орынбасары, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы, Энергетика министрі бастаған комиссия барып, сол жерде жұмыс істеп жатыр.

Билік батыс өңірлердегі ереуілшілермен мәмілеге келуге тырысып жатқан тұста елдің өзге де аймақтарында жұрт алаңдарға жиналып, батыстықтарды қолдайтынын білдіріп жатты. Наразылық акциясы Қазақстанның бірнеше өңірінде басталып кетті. Олар тек әлеуметтік жағдайға қатысты қордаланған мәселелерді шешуді емес, Үкіметтің де отставкасын талап етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу