Мемлекет басшысы Украинада қастандыққа ұшыраған журналистің ісін жіті бақылап отыр

334

Ол қазір ауруханада жатыр, жағдайы ауыр. 

Мемлекет басшысы Украинада қастандыққа ұшыраған журналистің ісін жіті бақылап отыр Фото: Ведомости Казахстан

Президент кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли Киевте қастандыққа ұшыраған қазақстандық журналист Айдос Садықов ісіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды", — деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Ол Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, 18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында әлдебіреулер атып кеткен болатын.

Ол қазір ауруханада жатыр, жағдайы ауыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу