Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма жүктеді

436

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.  

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма жүктеді

Мемлекет басшысына биылғы 10 айдың ішінде ақша-несие саясатын іске асырудың алдын-ала қорытындысы және төлем балансының жағдайы бойынша 9 айдың қорытындысы, сондай-ақ ұлттық төлем жүйесін дамыту жұмысының барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке Ұлттық банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайында есеп берілді.

Мемлекет басшысы кездесу соңында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу