Мемлекет басшысы ұлттық қор нарығын дамытуды тапсырды

824

Оның айтуынша, отандық қор нарығы тұрғындардың қаражатын жинайтын сенімді баламалы құралға айналуы қажет.

Мемлекет басшысы ұлттық қор нарығын дамытуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ұлттық қор нарығын дамытуды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Отандық қор нарығы үшін 2022 жылы жекелеген ұлттық компаниялардың Халық IPO бағдарламасына енуі маңызды оқиға болмақ. Агенттік пен Ұлттық банк, Самұрық-Қазына мен Үкімет жүргізіп жатқан жұмысқа белсенді түрде атсалысуы қажет", – деді Президент Алматыда қаржы секторының өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста.

Ол қаржы секторын цифрландыруды дамыту маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы салада оң қарқын бар екенін, қаржы инновациясын енгізуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі кешенді жұмысты жалғастыру керек екенін жеткізді.

"Біздің қаржы институттарымыз осы сәтті пайдаланып, ауқымды міндеттерді шешуі керек. Біреудің тәжірибесін көшіріп алудың қажеті жоқ, керісінше Қазақстан аумағымен шектеліп қалмай, қызметтердің жаңа форматын дамытып, ілгерілету керек. Мемлекет бұл бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз инновациялық экономика мен қаржылық экожүйені жаңадан қалыптастыру кезеңіндеміз. Алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Мемлекет басшысы ретінде мен үшін бүкіл экономикамызды жаңа инновациялық даму жолына салу – басты міндет", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу