Президент Ұлттық қорғаныс университетінің бастығын қызметінен босатып, орнына жаңа басшы тағайындады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген өкімде.
Осы уақытқа дейін Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымын атқарған Лұт Сапуұлы Әлшекенов қызметінен босатылды.
Сонымен қатар, Ақорданың ресми сайтында бұл қызметтен кеткен Лұт Әлшекенов туралы өкім жарияланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу