Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

408

Берік Әбдіғалиұлы облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Берік Әбдіғалиұлы облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді:

  • негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14 пайызға өсіп, 210,1 миллиард теңгеге жеткен. Осы ретте жеке инвестицияның үлесі 90 пайызды құраған;
  • өткен жылы өңірде жалпы сомасы 10 миллиард теңге болатын 3 ірі жоба іске асырылған;
  • биыл кем дегенде 16 жобаны, оның ішінде өнеркәсіп және геология бағыттары бойынша 8, туризм және сауда салаларында 3, агроөнеркәсіп кешенінде 5 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде өңірде 700 жаңа жұмыс орны ашылады;
  • биыл аграрлық салада құс фабрикасын, ет өңдеу кешенін салу, 3000 гектар аумақта картоп және көкөніс өсіретін фермерлік шаруашылықтарды іске қосу көзделіп отыр;
  • "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 3600 орындық 6 мектеп салынады. Оның біреуі биыл Жезқазан қаласында пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар, ол биыл іске қосылатын 10 спорт нысаны жайында баяндады.

  • 320 адамға арналған бассейні бар көпфункционалды спорт кешені, Жезқазған қаласында "Қазақмыс" корпорациясы "Намыс" СК балалар мен жасөспірімдер спорт академиясы, Жезді және Жаңаарқа кенттерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Қаражалда жабық бассейн, сондай-ақ ангар типті 5 ойын кешені салынады.

Сондай-ақ, облыстағы жылыту маусымының және жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы айтты.

  • Инфрақұрылымды одан әрі дамытуға байланысты 2029 жылы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында екінші жылу электр орталықтарының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл орталықтар жылу тапшылығы мәселесін шешуге тиіс.

Жезқазған – Қызылорда және Жезқазған – Арқалық жолдарының құрылыс-монтаждау, сондай-ақ Үйтас-Айдос су құбырын реконструкциялау жұмыстары басталғаны жайында баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу