Мемлекет басшысы Жак Атталиді қабылдады

1127

Жак Аттали белгілі француз саясаткері әрі "Attali and Associés" ассоциациясының президенті болып саналады.

Мемлекет басшысы Жак Атталиді қабылдады

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Еуропа елдерінің Орталық Азиямен өзара іс-қимылдары, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңғырулардың ілгерілеуі талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Француз саясаткері, Еуропалық қайта құру және даму банкінің негізін қалаушы әрі тұңғыш басшысы Жак Аттали Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғысын білдіріп, қазіргі құбылмалы әлемдегі күрделі ахуалда Қазақстан тұрақтылық пен орнықты дамуды сақтап отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасында әрқашан бейбітшіл саясат ұстанатынына, өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестікке ашық екеніне, сондай-ақ шетелдік капиталды тартып, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін белсенді жұмыс жүргізіп отырғанына баса мән берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу