Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында әділ әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуына басымдық беру керек екенін атап өтті.
"Облыс басшылығынан аталған мақсаттарға жету бағытында бастамалар мен нақты шаралар қабылдау талап етіледі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Жамбыл облысын одан әрі дамыту туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу