Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айты

Мемлекет басшысы Президент Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айты Фото: aqorda.kz

– Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ Президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу