Мемлекет басшысы Жапония Императорының сарайына барды

388

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Мемлекет басшысы Жапония Императорының сарайына барды Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанға жоспарланған Жапонияға ресми сапары аясында император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесу жоспарланған.

"Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысып, іскерлік орта өкілдерімен жүздеспек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу