Мемлекет басшысы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңға қол қойды

758

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңға қол қойды

Оған сәйкес Қазақстанда рәсімдердің үш түрі енгізіледі: азаматтардың соттан тыс банкроттығы, сот арқылы банкрот болу, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Барлық үш рәсімді тек борышкердің өзі ғана бастай алады. 

Банкрот деп танылғандар 5 жылға дейін несие ала алмайды.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу