Мемлекет басшысы Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады

609

Мемлекет басшысы Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады

бүгін Санкт-Петербургте Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мен ТМД-ға мүше елдер мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды 24.kz.

Жиынға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы қатысады деп жоспарланып отыр.

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында биылғы одақ жұмысы қорытындыланып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалады. Мәселен, одақішілік әріптестікті дамыту мен ортақ мұнай-газ нарығын қалыптастыру жайы қаралады деген жоспар бар. Сондай-ақ Иран және Қытаймен еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісім бекітілмек.

Жалпы жиынның күн тәртібіне 20-дан аса мәселе шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу