Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына атбасын тіреді

881

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына атбасын тіреді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев  сейсенбі күні  жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
"Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына келді", – делінеді баспасөз қызметінің Twitter-дегі хабарламасында.
Мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болып, аймақ активі мен облыстық мәслихат депутаттарына жаңа әкімді таныстырған болатын. Облысты бұдан былай премьер-министр кеңсесінің бұрынғы басшысы Ерлан Қошанов басқаратын болды.
"Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне дереккөз хабарлағандай, Ақмола облысының әкімі де ауысуы мүмкін.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу