Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды

120

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды Фото: Ақорда

Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде, Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында, "Мыңжылдық" аллеясында, Триатлон паркінде, Greenline бульварында, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.

Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің арнасын тазалау жалғасады. Келесі айда "Қазақстан" спорт кешенін жаңғырту жұмыстары басталады.

Астанада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу