Мемлекет басшысына коронавирус індетіне қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы баяндалды

459

Вакцинаның алғашқы партиясы желтоқсан айында өндіріле бастайды. 

Мемлекет басшысына коронавирус індетіне қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы баяндалды

Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке коронавирус індетіне қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы 29 қараша күні клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғанын, вакцинаның кері әсері анықталмағанын атап, оның жоғары тиімділігіне тоқталды.

25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-ші кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады.  

Сонымен қатар Мемлекет басшысына осы жылдың соңына дейін 2 миллион мөлшер көлеміндегі отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылатыны туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге отандық вакцина өндірісіне қатысты берілген тапсырманы жедел орындағаны үшін алғыс білдіріп, дәрінің тиімділігіне баса мән беруді және тұрғындарға қол жетімді болуын бақылауда ұстауды тапсырды.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу