Мемлекет басшысына "QR арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуды растау" жобасы таныстырылды

405

Сонымен қатар Президентке Astana Hub жобалары, Google for Startups, Draper University, Tech Orda, Silkroad innovation hub, өңірлік IT Hub бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді. 

Мемлекет басшысына "QR арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуды растау" жобасы таныстырылды Фото: akorda.kz

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жасанды интеллект негізінде кеңес беріп, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін "AiGov" чат-боты жобасын көрсетті.

Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаевқа "QazaqGaz" ұлттық компаниясының цифрлық шешімдері және "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлік пен арнайы техника жұмысына ашық мониторинг жүргізуге арналған "Сапарларды басқару" жобасы туралы айтылды.

Мемлекет басшысы көрмеге қатысушыларға өздерінің цифрлық жобаларын табысты жүзеге асыруына тілектестік білдірді. Президент еліміздегі цифрландыру үрдісі тек бір саланы ғана жетілдіруге емес, сонымен қатар жалпы экономикамыз бен қоғам өмірінде елеулі өзгерістер жасауға бағытталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу