Мемлекет басшысының Ақтөбедегі резиденциясы балаларға беріледі

587

Нақты қандай нысан ретінде пайдаланылатыны әзірге белгісіз. 

Мемлекет басшысының Ақтөбедегі резиденциясы балаларға беріледі Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ақтөбе облыс әкімі аппараты басшысының  орынбасары Ержан Байтанаев мәлімдеді.

"Тапсырма қазір ғана түсті. Нысанды қабылдап алатын, біздің баланстан шығатын, қай баланста болса, соны шағаратын мекемелер бар.  
 Президент басқармасымен кеңесіп, заң бойынша көрсетілген бағдарға толық өткізіледі. Оны өткізбестен бұрын біз ішін қараймыз. Нысан балаларға берілсе, мысалы, лагерь болса, соған сай ішін  жабдықтап беруіміз керек"- деді Е.Байтанаев.

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қазіргі уақытта орталықта ешкім тұрмайтынын айтты. Маңызды қонақтар  келгенде   тоқтайтын ооын ретінде пайдаланылады. Күтіп ұстап, күзететін мамандар бар. барлығы өзінің қарайтын, күтетін аздаған адамдар бар екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу