Мемлекет басшысының бастамаларына 100 млрд теңге жұмсалады – Қаржы министрлігі

352

Мәжілісте "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасы таныстырылды.

Мемлекет басшысының бастамаларына 100 млрд теңге жұмсалады – Қаржы министрлігі Фото: inbusiness.kz

Келесі жылға арналған жалпымемлекеттік шығыстар айтарлықтай артпақ. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2024 жылға арналған жалпымемлекеттік шығыстар биылға қарағанда 713 млрд теңгеге өсті. Мұнда ең үлкен үлес субвенцияларға тиесілі – 5,3 трлн теңге. Үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге шығыстар – 2 трлн теңге. Бұл бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамыту басымдықтарына сәйкес келеді", - деді Қаржы вице-министрі.

Оның айтуынша, шұғыл шығындарды қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларды жою үшін Үкімет резервіне 417 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр.

"Мемлекет басшысының бастамаларына – 100 млрд теңге", - деді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу