Мемлекет беретін қаржы кәсіпкерге жетіп жатыр ма?

1012

Отандық кәсіпкерлер қаржылай қолдаудың ғажабын көре ме десек, азабын тартып жатқанға ұқсайды, деп хабарлайды Аtameken Business.  

Мемлекет беретін қаржы кәсіпкерге жетіп жатыр ма?

Үкіметтен қайтарымды несиені қуана күліп алып, кейін жылап қайтарғанда: "құтылдым-ау, ақыры" деп бөркін аспанға атуы сол екен, әлгі қарыз деген қылбыраудың мойнында әлі тұрғанын естігенде, атыраулық кәсіп иелері не істерін білмей қалған. Оны өз ауыздарынан естідіңіз жаңа. Ал Павлодарда "Сыбаға" бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алған бизнесмен зардап шегуде. Бірақ, таяқтың бір ұшы осы болса, екінші жағы... мұндай ақшаға қол жеткізе алмай, сандалып жүргендер де қаншама?! Тіпті, өз жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев былай деген еді. Цитата. "сарапшылардың пікірінше, қаржылай қолдаудың игілігін жергілікті билікпен байланысы бар шаруашылықтар ғана көріп отыр." Демек, тек танысы бардың тынысы кеңеюде. Өзгелері ше? "Іскер азаматтарға" делінген қаржы нақты мұқтаждардың қолына тиіп жатыр ма? Бұл қомақты қаржының тиімділігі қандай?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу