Мемлекет бір аптада біраз байыды

Осы күні арнайы мемлекеттік қорда жинақталған қаржы 220 миллиардтан асып-жығылады. 

Мемлекет бір аптада біраз байыды Фото: canva.com

Соңғы бір жеті көлемінде қорға тағы қомақты қаржының түскені белгілі болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бір аптада заңсыз алынған актив есебінен мемлекетке 32 миллиард теңге қайтарылып отыр. Бұл қаржы елдің әлеуметтік-экономикалық жобаларына жұмсалмақ.

Осы аптада "Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы" заңның субъектілері 26 миллиард теңгені арнайы мемлекеттік қорға жіберген. Сондай-ақ, қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания Алматыдағы бизнес орталығын сатып, арнайы мемлекеттік қорға 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген. 

Айта кетейік, қазан айында құны 177 миллиард теңге болатын автивтер мемлекетке қайтарылған еді. Оның ішінде пәтер, ғимарат, автокөлік пен басқа нысандар болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу