Мемлекет бірқатар жұмыс орындарына субсидия бөледі

723

 Оның негізгі қағидалары ашық үкімет сайтына жариялады.  

Мемлекет бірқатар жұмыс орындарына субсидия бөледі Фото: Qazaq газеті

Мемлекет бірқатар жұмыс орындарына субсидия бөледі.Жобада көрсетілгендей қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны мен "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы субсидияланады. Қоғамдық жұмыстарға 20 айлық есептік көрсеткіш есебінде жалақы беру көзделген. Бұл шамамен 69 мың теңге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жалақы мөлшерінің 35 пайызы бөлінеді. Жастар практикасына 103 мыңдай еңбекақы беріледі. Алғашқы жұмыс орны мен ұрпақтар келісімшарты жобасында да табыс мөлшері осындай болады. Айта кетейік бұйрық жобасына сәйкес субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалақысын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган белгілейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу