Мемлекет биыл бос жатқан 904 мың га жерді қайтарды

741

2022 жылдың 6 айында 904 мың га пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жер мемлекет пайдасына қайтарылған (2021 жылы 430 мың га). 

Мемлекет биыл бос жатқан 904 мың га жерді қайтарды

АШМ жыл соңына дейін тағы осындай 5 млн га жерді қайтармақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның осы бағытта қандай жұмыстар атқарғаны туралы мәлімет берді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Қазіргі уақытта бірнеше бағыт бойынша жұмыстар қатар жүргізіліп жатыр: барлық облыстарда құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тарта отырып ведомствоаралық топтар құрылды; 7,45 млн га алаңда 2 584 субъектіге қатысты "жаппай қауіп" шеңберінде Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тексерулер жүргізуін көздейтін Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы қабылданды. 1 млн 517 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 601 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 680,9 мың га жерге қатысты тағы 57 материал ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында тіркеу сатысында тұр. 2021 жылы 210 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 177 жоспардан тыс тексеру тіркелді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер арқылы) бөледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу