Мемлекет бизнеске сатылуы керек дүниені өзіне өзі сатты

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы телекоммуникация нарығын сынға алды. 

Мемлекет бизнеске сатылуы керек дүниені өзіне өзі сатты Фото: google

Байланыс саласын монополияландыру клиент үшін бәсекелестік деңгейі мен қызмет көрсету сапасының төмендеуіне себеп болды. Бұл туралы Марат Омаров Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық монополияға қарсы форумда мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Телекоммуникация нарығы жоғары шоғырланған, мемлекеттің мұндағы үлесі 75%-ға дейін өсті. "Қазақтелеком" аукционда радиожиілік спектрін сатып алды. Негізі бұл бизнеске сатылуы керек мемлекеттік ресурс еді. Демек, мемлекет өзіне өзі сатты деген сөз. Монополияландыру клиент үшін бәсекелестік деңгейі мен қызмет көрсету сапасының төмендеуіне себеп болды. Қазір байланыс қызметтеріне тарифтердің біржақты көтерілуіне байланысты шағымдар жиі түсіп жатыр. Жекелеген тарифтік жоспарлардың құны 2 есе өсті. Мәселен, Алтел, биылғы жылдың 13 наурызынан бастап 1 минут сөйлесу/SMS үшін құнның 9-дан 18 теңгеге дейін қымбаттаты", – деп нақтылады ведомство басшысы.

Оның айтуынша, еркін радиожиілік спектрінің болмауы, экономикалық кедергілер бәсекеге қабілетті ұялы байланыс нарығын қалпына келтіру перспективасын төмендетеді. 

"Үкіметтің бір ұялы байланыс операторын бөлу жоспары бар, бірақ әзірге өкінішке орай оны іске асырудың нақты механизмі жоқ. Сондай-ақ, жеке операторлардың, мысалы, IT нарықтарға, аралас нарықтарға кіру әрекеттері байқалады", – деді Марат Омаров Алматыда өтіп жатқан форумда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу