Мемлекет бюджетіне түсетін қаржы 376 млн теңгеге қысқарады

707

Мүлікті жалға алу бойынша барлық сұрақтарға виртуалды кеңесші жауап береді.

Мемлекет бюджетіне түсетін қаржы 376 млн теңгеге қысқарады

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев мәлімдеді. 

"1 қыркүйектен жыл соңына дейін әкімдік шағын және орта бизнестің жалға алушыларымен 499 есептерді тоқтата тұрады. Бұл ретте бюджеттің кіріс бөлігіне түсім жоспары 206 млн теңгеге қысқарады. Көктемдегі және осы жолғы тоқтата тұруды ескерсек мемлекет бюджетіне түсетін жалпы сома 376 млн теңгеге қысқарады", – деді басқарма басшысы. 

Бұған қоса ол "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы gosaktivy_bot Telegram қосымшасын іске қосылғанын хабарлады. Енді мемлекеттік мүлікті жалға алу бойынша барлық сұрақтарға виртуалды кеңесші жауап береді. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу