Мемлекет экспорттаушыларға қандай қолдау көрсетіп жатыр

1057

Жылдың басынан ведомствоаралық комиссия өңделген тауарларды экспорттайтын 89 субъектінің жалпы сомасы 3 500 766 523 теңгелік 164 өтінім мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет экспорттаушыларға қандай қолдау көрсетіп жатыр

Тарқата айтқанда, отандық өңделген тауарларды ілгерілету мақсатында (жарнама, қойманы жалға алу, сертификаттау, көрме) субъектілерден жалпы сомасы 48 070 176 теңгеге 5 өтінім, сонымен қатар 86 субъектіден жалпы сомасы 3 452 696 347 теңгеге 159 өтінім мақұлданған. Оларға теміржолмен жеткізу үшін 3 067 927 342 теңге, автокөлікпен жеткізу үшін 355 036 349 теңге, әуемен  жеткізу үшін 19 894 519 теңге, теңіз арқылы жеткізу үшін 9 838 137 теңге бөлінген. Барлық мақұлданған өтініштердің 54-і шағын кәсіпкерлік субъектілерінен, 19 - орта және 16 - ірі бизнес өкілдерінен түскен.

"Мақұлданған өтінімдер арасында 844 646 980 теңге жоғарғы бөліністегі тауарларды жеткізу шығындарын,  2 271 603 226 теңге орта бөліністегі тауарларды жеткізу шығындарын және 384 516 317 теңге төменгі бөліністегі тауарларды жеткізу шығындарын құрайды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша игеру бөлінген қаражаттың 60% - ін құрады. Өтініштерді қарау өтінімнің алғашқы тіркелген күніне сәйкес кезек тәртібімен жүзеге асырылады", - деп хабарлайды министрліктен.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу