Мемлекет есебінен білім алған 37 мың адам қарызын қайтармаған

1034

Мемлекет есебінен білім алған 37 мың адам қарызын қайтармаған

Мемлекеттік білім беру несиесін алған 37 мың адам 7,6 млрд  теңге қарызын қайтармай жүр. Бұл туралы  "ҚазАқпарат" хабарлайды.

Агенттіктіктің ресми сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығы 1999-2005 жылдары аралығында мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік несие беру бағдарламасы жұмыс істеген кезеңде республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 15,3 млрд  теңгені құрағандығын атап өткен. Аталған сомадағы несиені 58 мыңнан астам адам алған. 

"Бүгінгі күні 7,7 млрд  теңге бюджетке қайтарылды. Бұл берілген несиенің  жалпы сомасының 51 пайызын құрайды. Кредиттерді қайтару жөніндегі міндеттемелерін өз еркімен орындамай жүрген борышкерлерге қатысты Қаржы орталығының талап арыздары бойынша ҚР соттары борышкерлерден мемлекеттік білім беру кредитін өндіріп алу туралы 8700-ден астам шешім шығарды. 1500-ден астам талап сот органдарында қаралуда", –  делінген орталық жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу