Мемлекет форвордтық тәсілмен 1 млн тонна астық сатып алмақшы

689

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ай соңына дейін өз бағасын жариялайды.

Мемлекет форвордтық тәсілмен 1 млн тонна астық сатып алмақшы

Ішкі инфляцияны тежеу үшін мемлекет ""Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" арқылы 450 мың тонна бидайды алдын ала сатып алып қойған. Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Қанат Қарауылов журналистерге осындай мәлімет берді.

"Бүгінде корпорацияның иелігінде 450 мың тонна астық бар. Оған қоса мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін форвордтық тәсілмен астық сатып алуға республикалық бюджеттен 24,5 млрд теңге бөлінген болатын. 370 өндіруші қаржыландырылып, жалпы көлемде 516 мың тонна астық сатып алынды. Оның ішінде 450 мың тоннадай бидай, 50 мың арпа, 10 мың тонна күнбағыс, 30 мың тонна қарақұмық алдық. Қазіргі баға туралы айтсақ, қатардағы бидайды трейдерлер сапасына қарай 80-87 теңгеден алып жатыр. Корпорация өзі сатып алатын бағаны 7-10 күннен кейін, орақ жұмыстары бітер кезде жариялайды. Республика бойынша қанша астық орылатыны нақты белгілі болуы керек. Әрине, баға астықтың сапасына да байланысты болмақ. Корпорация форвордтық сатып алу арқылы 1 млн тоннадан астам астық жинауы керектігін ескерсек,  біз бекіткен бағаның ішкі нарыққа қысымы болмайды деуге болады", – деді ол.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу