Мемлекет қандай отбасыларға тұрғын үй жалдауға көмектеседі?

Субсидиядан отбасының орташа табысы бойынша беріледі. 

Мемлекет қандай отбасыларға тұрғын үй жалдауға көмектеседі? Фото: Tengrinews

Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ хабарлады.

Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына келесі төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алады:

  •  1 және 2 топтағы мүгедектер;
  •  мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  •  жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
  •  көп балалы отбасылар.

Жалдау ақысын субсидиялауға өтініш білдірген отбасының соңғы 6 айдағы орташа табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2023 жылы – 40 567 теңге) аспауы қажет.

Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады. Бұр ретте аталған банкте депозиттің болуы міндетті талап.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу