Мемлекет ақшасын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстанның екі азаматы Ресейден елге қайтарылды. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінен айтылды, деп хабарлайды Интерфакс - Қазақстан.
Таратылған мәлімет бойынша қаржы БҚО-да азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру бағдарламасын іске асыру үшін, сондай-ақ Атырау қаласының оң жағалауы бөлігіне су тазалау қондырғыларын орнатуға бөлінген еді.
Аталған азаматтардың мемлекетке келтірген зияны 322 млн теңге (321,78/$1) деп есептеліп отыр. Қылмыс жасағандар Ресей асып, жасырынған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу