Мемлекет қаржысына құны 23 миллионнан кем емес 841 көлік алынған

1092

Мемлекет қаржысына құны 23 миллионнан кем емес 841 көлік алынған

Шенеуніктерге шетелдік көліктерді тізгіндеуге ресми мораторий жариялануы мүмкін. "ҚазАвтоӨнеркәсіп" импортқа осындай шектеу салуға бастама көтеріп отыр. Әйтпесе, отандық өндірістің тоқырауға ұшырайтын түрі бар. Тіпті биыл мемлекеттік сатып алу тізімінде сырттан жеткізілетін қымбат "темір тұлпарға" деген сұраныс 7,5 есеге артыпты. Мемлекеттік қызмет пен Ұлттық компаниялар бұған шамамен 6,7 млрд теңгені шығындауды жоспарлапты. Сондықтан "ҚазАвтоӨнеркәсіп" қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алу ережесін қайта түзуге ұсыныс тастауға мәжбүр. Көлік өндірушілер одағы импортқа толық тыйым салынбаса да, түрлі санаттағы шектеулердің енгізілгенін қалайды.

 

Дерекке қарағанда, биылғы 9 айда "Toyota Land Cruiser 200" бен "Toyota Land Cruiser Prado"-дің мемлекет есебінен 841 данасы алыныпты. Әрбір төртінші көліктің ақысы 23 млн теңгеден кем болмаған. Егер осы қаржыға отандық тауар алғанда бюджеттің 980 млн теңгесі үнемделер еді дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу