Мемлекет кедейшілікті еңсеру үшін өте көп іс атқарып жатыр – Дариға Назарбаева

678

Мемлекет кедейшілікті еңсеру үшін өте көп іс атқарып жатыр. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры, Қазақстан жастары конгресі Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Мемлекет кедейшілікті еңсеру үшін өте көп іс атқарып жатыр – Дариға Назарбаева

"Қазақстанда кедейшілік шегінде өмір сүретін адамдар көп. Олар әрбір қалада, ауданда, ауылда бар. Оларды білу, тағдырларына араласып, қиындықты еңсеріп, аяғынан нық тұруға көмектесу – сіз бен біздің парызымыз. Мемлекет кедейшілікті еңсеру үшін өте көп іс атқарып жатыр. Дегенмен ол барлық уақытта бірдей дер уақытында келмейді немесе қажетті адамға жете бермейді. Меніңше, біз әлеуметтік қызметтерге белсенді көмек көрсетіп, оларды медициналық, азық-түлік, қаржылық, заңдық көмекке мұқтаждар туралы ақпараттандыра алар едік. Сонымен қатар біз өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету үшін қажетті ресурстар табуға, мұндай мәселелерге қоғам назарын аударуға сеп бола алар едік", – деді ол "Жаңа жағдайдағы жастар: Іс-қимыл кезеңі" атты онлайн форум барысында.

Сонымен қатар Дариға Нұрсұлтанқызы бұл жұмыстарға мектеп оқушыларын, студенттер мен қарапайым еріктілерді тартуға да мүмкіндік бар екендігін баса айтты.

"Біз пандемия тез арада аяқтала қояды деп ойламаймыз, оның жағдайында әлі ұзақ уақыт әрекет етуге дайын болуымыз керек. Ол – қолдауды қажет ететін адамдарға барынша көмек көрсетуді жалғастыру керек деген сөз. Жастар үшін қоғамға, яғни елімізге қалтқысыз қызмет етуден маңызды іс болуы мүмкін бе? Осы қызмет арқылы сіздер тәжірибе жинақтайсыздар, құрмет пен беделге ие боласыздар және өмірде көп жетістіктерге жетесіздер. Мен сіздерге шын жүректен осындай игіліктерді тілеймін. Осындай өмірлік ұстаным жаңа ұрпаққа, жаңа адамдарға кез келген дағдарысты жеңуге және ұлттық егемендігімiзді нығайтуға күш-қуат береді деп сенемін", – деді Дариға Назарбаева.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу