Мемлекет кепілдік беретін құқықтық көмек 2 есеге артады

934

Пилоттық режимде "Е-заң көмегі" ақпараттық жүйесі енгізілді.

Мемлекет кепілдік беретін құқықтық көмек 2 есеге артады

Халыққа есеп беру кездесуі барысында Әділет министрі Марат Бекетаев заң көмегін көрсетуге қатысты тың ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасын арттыру мақсатында биылғы жылдың наурыз айынан бастап республика бойынша "Е-заң көмегі" ақпараттық жүйесі пилоттық режимде енгізілді. Бүгінгі таңда тергеу органдары мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында 1042 адвокатты тағайындады. Жобаны іске асыру адвокаттарды тағайындау және олардың еңбегін төлеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді", – деген министр жүйе мемлекеттік деректер базасымен біріктірілгенін атап өтті.

Бұл өз кезегінде адвокаттарға азаматтарға заң көмегін көрсету үшін қажетті ақпараттарды жедел алуға мүмкіндік береді.

"Сонымен қатар 2024 жылға дейін мемлекет кепілдік берген заң көмегін 2 есеге ұлғайту мәселесі пысықталуда", – деді Марат Бекетаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу