Көмір бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді

915

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 1 тонна көмірді қаншаға сатып алуға болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Көмір бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді

"Көмір бағасы нарықтық қатынаста қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін айта кету қажет. Әкімдіктердің ақпараты бойынша, өңірлердегі көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл ең алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты", – деді министр.

Бейбіт Атамқұловтың дерегінше, алдағы жылыту маусымына 9,2 млн тонна көмір қажет. 2,8 млн тонна көмір коммуналдық-тұрмыстық секторға, 6,4 млн тонна көмір халыққа ұсынылуға тиіс.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу