Мемлекет құрылыс саласын бақылай алмай келеді

876

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов құрылыс саласына мемлекеттік бақылауды күшейтуге шұғыл шараларды ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекет құрылыс саласын бақылай алмай келеді

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары шағым түспесе тексере алмайды. Ал құрылыс кезеңінде шағымның түсу ықтималдығы төмен. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары объектілерді пайдалануға қабылдауға қатыспайды. Бақылаудың әлсіздігінен құрылыс салушыларда немқұрайлылық байқалады. Объектілер кемшіліктерімен қабылданады", – деді министр.

Министр заң жобасы әзірленгенін мәлім етті:
• Аумақта құрылыс салуды сапасыз жоспарлауды болдырмау мақсатында қала құрылысы сараптамасын енгізу;
• Құрылыстың барлық кезеңінде (қазаншұңқыр қазудан бастап абаттандыру жұмыстарына дейін) объектілерге жоспарлы бақылау енгізу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы;
• Пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызмет құру.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу