Мемлекет мен бюджет қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беру ұсынылды

1435

Тұрғынүй кезегіндегілердің саны 548 мыңға жеткен.

Мемлекет мен бюджет қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беру ұсынылды

Баспанаға мұқтаж әлсіз топтарға арендалық баспапаның шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысныда айтты.

"Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын 50 мыңға дейін өсуде және бүгінгі күні 548 мың адамды құрайды. Кезектегі көпбалалы отбасыларды, жетім балаларды, мүгедек балалары бар отбасыларды және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарын табысы үйдегі әр адамға шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда тұрғын үймен қамтамасыз ету жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Мемлекеттік  қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және басқа да кезекте тұрған азаматтардың табыс көлемі ең төменгі бір күнкөріс деңгейінен жоғары болса, жаңа тұрғын үйге жеңілдетілген қарыз алу арқылы қол жеткізетін болады", - деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу