Мемлекет меншігіндегі 733 нысан жекешелендіріледі

602

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 149 нысан сенімгерлік басқаруға беріліп, 7 нысан таратылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекет меншігіндегі 733 нысан жекешелендіріледі

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, 2021-2025 жылдар аралығында 733 нысанды сату жоспарланған.

"Бүгінге дейін құны 50 млрд теңгені құрайтын 149 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 120 нысан сатылымға қойылып, 7 нысан таратылады. Алдағы уақытта 397 нысанды өткізу керек", – деді министр үкімет отырысында. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу