Мемлекет неліктен МИБ жүйесін жарнамалау үшін миллиондап қаражат бөледі

805

Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында бұл сұраққа Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтарының басқа да нысандары қауымдастығының президенті Қазыбек Шайх жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Мемлекет неліктен МИБ жүйесін жарнамалау үшін миллиондап қаражат бөледі

"Нұр-Сұлтан қаласында мүлік иелері кооперативтерін енгізу үшін насихат жұмыстарына 100 млн теңге бөлінетіні туралы ақпарат тарап жүр. Мұндай шығын қаншалықты орынды" , – деп сұрақ қойды тілшілер спикерге.

Бұл сұраққа жауап берген Қазыбек Шайх тұрғындардың өзі салғырт болғандықтан, мемлекет қосымша ақша бөліп, МИБ жүйесін насихаттауға мәжбүр болып отырғанын айтты.

"Мемлекет тұрғындарға жаңа жүйені түсіндірудің жан-жақты амалын қарастырып, халықтың өзі түсінуі үшін сан амалды ойластырып жатыр. Себебі халықтың өзі бұл жүйе – өз үйін өзі басқаруға мүмкіндік беретінін ұғынуға тиіс. Міне, сондықтан ақпараттық жұмысқа ақша бөлуге мәжбүр. Егер тұрғындар мен азаматтық қоғам өкілдері осы жұмысқа белсенді түрде араласса, бұл қаражатты бөлудің қажеті де болмас еді. Алайда адамдар бұл процеске қосылмайды. Мемлекет азаматтар үшін барлық проблеманы шешуге тиіс деп санайды. Бұл – адамдардың өрескел қателігі. Яғни мемлекет адамдарды жол ортада қалдырып кеткісі келмейді. Әрине, парадокс",– деді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу