Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті – Қасым-Жомарт Тоқаев

Біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен. 

Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: Qazaqstan.tv

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазір көптеген елдер ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданады. Дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті. Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара. Сондықтан біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек", – деген Президент мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті екенін айтты.

"Бұл – біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуға тиіс. Бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу