Министрлік тарапынан осы зиянды организмнің нақты таралу ареалын анықтау үшін қажетті фитосанитариялық тексерулер жүргізіліпті.
"Бүгінгі таңда 306,59 мың га жер зерттелді, жалпы таралу ауданы 16,979 мың га құрайды, оның ішінде Ақтөбе облысында таралу ауданы 2,892 мың га құрайды. Зиянкестің мемлекеттік қордағы жерлердің арам шөптерінде, сондай-ақ дәнді және майлы дақылдар егістіктерінің бойында таралуы байқалады", – дейді ведомстводан.
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А. Марс Ақтөбе облысына шалғын көбелегіне қарсы күрес және қорғау шараларын жүргізу бойынша, жұмыстарды ұйымдастыру және қажетті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін іс-сапарға жіберілген.
Айта кетсек, 2020 жылдан бастап шалғын көбелегіне қарсы қорғау шараларын жүргізу жөніндегі жауапкершілік жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құзіреттеріне берілген болатын. Оларға пестицидтер құнының шығындарын 50%-ға дейін өтеу үшін субсидиялар беріледі.
Министріліктен берілген мәліметке сүйенсек, биылғы жылы пестицидтерді субсидиялауға жалпы 32,3 млрд теңге, оның ішінде Ақтөбе облысына 545,8 млн теңге бөлінген.
"Техникалық қайта жарақтандыру бойынша инвестициялық субсидиялар беру аясында шаруа және фермерлік қожалықтарға өсімдіктерді қорғау құралдарын енгізу бойынша бүріккіштерді арзандату үшін өздігінен жүретін бүрку техникасы құнының 50%-ына дейін субсидиялау көзделген, сондай-ақ тракторлардың құнын арзандатылатын болады, отандық өндіріс тракторлары бойынша құнының 30%-ына дейін, импорттық өндіріс үшін 25%-ына дейін субсидиялау көзделген", - деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта.