Мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске өте аз қаражат бөледі

613

Zertteu Research Institute  жүргізген зерттеулерге сәйкес 2021 жылы бұл мақсатқа бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінген алайда оның тек 1,5 млрд теңгесі ғана мақсатты жұмсалады, деп жазады Inbusiness.kz. 

Мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске өте аз қаражат бөледі

Қазақстанда 2014 жылы 102 пультіне отбасындағы зорлық-зомбылыққа шағымданып  114 044 қоңырау түскен. Алайда соның тек 44 974-і ғана сотқа жеткен. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастағы заңбұзушылық жасағаны үшін осы тұлғалардың 17 647-і 2 сағаттан 3 тәулікке дейін уақытша қамау түрінде жаза алып, 1020 адам ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Zertteu Research Institute директоры Шолпан Әйтенованың дерегінше, 2021 жылы мақсатты жұмсалған 1,5 млрд теңге үш бағытқа бөлінген. Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларына 744 млн теңге, Дағдарыс орталықтарын қаржыландыруға 765,2 млн, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға 24,59 млн жұмсалған.

“Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске жұмсалатын қаражатты бағалау және талдау” зерттеуі  Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі, “Дағдарыс орталықтарының одағы”, “Zertteu Research Institute” ҚҚ бастамасымен жүргізілген

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу