Мемлекет жаңа мамандыққа қаражат бөледі

259

Қазір 8 жоғары оқу орнында 2000-нан астам студент жасанды интеллект саласын оқып жатыр.

Мемлекет жаңа мамандыққа қаражат бөледі Фото: smartnews.kz

Енді отандастарымызға жасанды интеллект мамандығы бойынша шетелдік университеттерде білім алуға болады. Ол үшін "Болашақ" бағдарламасына тағы 100 стипендияға қаражат бөлінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі айтты. Бүгін Президент қабылдауында болған Саясат Нұрбек қазір 8 жоғары оқу орнында 2000-нан астам студент жасанды интеллект саласын оқып жатқанын айтты. Сондай-ақ, цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу