Казтаг агенттігі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаевтың көз жұмғанын хабарлады.
"Бүгін таңғы сағат 6:00-де Алматыда 76 жасында мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Молдабайұлы Тұрсынбаев қайтыс болды. Өлімнің себебі – жүрек жеткіліксіздігі",- деп жазды агенттік.
Балташ Тұрсынбаев қоғамдық қозғалыстарды басқарған, еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді, жерге қатысты мәселелерді қозғады. "Ел мен Жер"саяси партиясын құрды.