Мемлекетаралық "Алматы – Ташкент" пойызы жолға шықты

520

"Алматы-Ташкент" қатынасындағы №1/2 халықаралық жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Мемлекетаралық "Алматы – Ташкент" пойызы жолға шықты

24 вагоннан тұратын құрам аптасына 3 рет қатынайтын болады. Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады.

Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының қолында COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама болуы міндетті. Анықтама берілген күннен бастап 72 сағаттан аспауы керек немесе екпе алғаны туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы дозаны алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім). Егер ПТР тестінің нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациясының паспорты болмаса, онда жолаушылар вагонға кіргізілмейді.

Ертіп жүретін адамдары болса 5 жасқа дейінгі балаларға, ҚР үкіметтік делегацияларының және локомотив бригадаларының мүшелеріне анықтамасыз елге кіруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ – теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты және егер 2 компонентті алғаннан кейін ҚР шекарасын кесіп өту сәтінде 6 айдан аспаса, ҚР-да қайта екпе қабылдаған немесе COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын алған адамдарға беріледі. Құжаттамалық растау міндетті. Бұл ереже еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ҚР аумағында жарамды деп танылған, COVID-19-ға  қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға да қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу