Мемлекетаралық іздеу жарияланған Тәжікстан азаматы Астанада ұсталды

727

Қазір оны Тәжікстан Республикасына экстрадациялау мәселесі қаралып жатыр.

Мемлекетаралық іздеу жарияланған Тәжікстан азаматы Астанада ұсталды

Астана полициясы мемлекетаралық іздеу жарияланған Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 қыркүйек күні Астана полициясы Тәжікстан Республикасының 41 жастағы азаматын ұстады. Оған Тәжікстан аумағында қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын", - делінген ІІД хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеу жариялаған тәжікстандық мекемеге күдіктінің ұсталғаны туралы хабар берілді. Қазір оны Тәжікстан Республикасына экстрадациялау мәселесі шешіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу