Мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

670

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап қолға алынған "Участок" жедел алдын алу шарасы барысында 2 мыңнан астам саяжай үйі тексерілді.

Мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Мемлекетаралық іздеуде жүрген СҚО облысының 44 жастағы тұрғыны Көкшетауда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңір полицейлері саяжайлар аумағында жүрген тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтауда. 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап қолға алынған "Участок" жедел алдын алу шарасы барысында 2 мыңнан астам саяжай үйі тексерілді.

"Рейд кезінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Көкшетау қалалық ПБ қабылдау орнына Зеренді бағытындағы тас жолдың бойында орналасқан саяжайдан 44 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасын жеткізді. Тексеріс кезінде ер адамның мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды", – деп мәлім етті ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жалпы, "Участок" жедел алдын алу шарасы қолға алынған 12 күннің ішінде саяжай аумағынан тұрғылықты мекенжайы жоқ 28 адам анықталса, оның 12-сі Көкшетау қалалық ПБ қабылдау орнына жайғастырылды.

"Қазір Көкшетау қаласы аумағында 30-дан астам саяжай массиві бар болса, мұнда 19 760 үй орналасқан. Онда 280 адам (оның 65-і - бала) тұрақты тұрып жатыр", – деп толықтырды ведомстводан.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу