Мемлекетаралық құжаттар бойынша заң қабылданбақ

538

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті аталған заң жобасын жұмысқа алды. 

Мемлекетаралық құжаттар бойынша заң қабылданбақ

Мәжілістің жалпы отырысында "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату бойынша келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Нұртай Сабильяновтың сөзінше бұл мемлекетаралық стандарттау бойынша құжаттардың бірізділігі қалыптастыру үшін маңызды. 

"Мемлекетаралық стандарттау – мемлекетаралық құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және оның негізінде 2021 жылдың 9 маусымына дейін қорытынды әзірлеуге дайын", – деді депутат. 

Осылайша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті аталған заң жобасын жұмысқа алды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу