Мемлекетаралық стандарттарды рұқсатсыз таратудан қорғайтын заң қажет

1025

Елімізде қабылданған 10 мың мемлекеттік стандарттың 75%-дан астамы халықаралық талаптарға сәйкестендірілген. 

Мемлекетаралық стандарттарды рұқсатсыз таратудан қорғайтын заң қажет

Бұл туралы "Стандарттар арқылы қазақстандық өнімнің сапасын арттыру" тақырыбындағы баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директордың бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов мәлім етті, деп хабарлады  inbusiness.kz . 

"Елімізде техникалық стандарттар Еуразиялық экономикалық одақ келісіміне негізделген. Бүгінде республикамызда 10 мың 11 мемлекеттік стандарт қабылданып, қолданысқа енгізілген.  Олардың 75%-дан астамы халықаралық талаптарға сәйкестендірілген. Сонымен қатар 25 мың 398 мемлекетаралық талап енгізіліп, оларды жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ 1 сәуірдегі Сенаттың пленарлық отырысында "Мемлекетаралық құжаттарды тарату жөніндегі" заң жобасы ұсынылды және қабылданды", – деді Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директордың бірінші орынбасары. 

Алайда елімізде мемлекетаралық стандарттарды рұқсатсыз таратудан қорғайтын заң қабылданбаған. Қайнар Тайжановтың айтуынша бұл заңнамалық дейгейде бекітілуі қажет. 

"Мұндай фактілерді анықтау шаралары біздің ұлттық заңнамамызбен бекітілмеген. Осыған байланысты әкімшілік айыппұл салу туралы ұсыныстарымызды әзірлеп, Әділет министрлігіне жібердік. Көп елдерде мұндай тәжірибе бар. Мәселен, Беларусь Республикасында заң бұзушылықтар үшін айыппұл қарастырылған және мемлекетаралық стандарттарды тарату қызметі заңсыз деп есептеледі", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу