Мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірген күдіктіге іздеу жарияланды

414

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.    

Мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірген күдіктіге іздеу жарияланды Фото: ҚМА

Омаров Руслан – Уланұлы, 1986 жылы 28 шілдеде Ақтөбе облысы Алға қаласында туған.
Аталған азамат жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. Sunkar Logistics ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген.

Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңыз сұрайды: 

+7-701-770-08-65 - іздеу бойынша,

+7-7292-40-36-59 - кезекші бөлім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу