Мемлекетке 2 млрд теңгеден астам сомада залал келтіргендерге үкім шықты

617

Сотталғандар жалған 13 компания құрғандығы анықталды.

Мемлекетке 2 млрд теңгеден астам сомада залал келтіргендерге үкім шықты

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тергеу барысында азаматтар В.Р. Легин мен С.А. Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғандығы анықталды. Содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берді", – деп жазылған хабарламада.

В.Р. Легин мен С.А. Рыжаковтың қылмыстық әрекеттерінен мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 2 млрд теңгеден астам сомаға залал келген.

Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу